Спорт • 19 Қыркүйек, 2018

Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

Қостанайлық параспортшы  Тұрсынай Қабылованы жерлестері жақсы біледі. Ол талай жарыстарда облыс намысын қорғап жүр. Парапауэрлифтингпен айналысатын Тұрсынай бұл жолы Жапонияның Китакюши қаласында өткен Азия және Океания чемпионатында еліміз құрама командасының қоржынына екі алтын медаль салды.

Ол 41 кг салмақта жасөспірімдер арасындағы бәсекеде 55 килограмм көтеріп, оза шауып, тіпті рекорд жаңартты. «Кішкентай» қыз 29 елден жиналған екі жүзден аса параспортшылар арасынан  Қостанайға осылай елдің мерейін үстем етіп оралды.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай